Ресей елшісі Тоқаевқа Путиннің құттықтауын жеткізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей елшісі Тоқаевқа Путиннің құттықтауын жеткізді © akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 
 
Алексей Бородавкин Қасым-Жомарт Тоқаевқа кездесуге мүмкіндік бергені үшін ризашылық білдіріп, президент сайлауындағы жеңісіне байланысты Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің құттықтауын жеткізді.

"Мен Сізді дауыс берушілер белсенді қатысқан сайлаудағы айқын жеңісіңізбен құттықтаймын. Бұл – таза жеңіс әрі халықтың Сізді Қазақстан Президенті ретінде таңдауының айқын дәлелі", - деді Ресей елшісі.

Сонымен қатар, Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарын одан әрі тереңдету және екі елдің халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастығына қатысты мәселелер талқыланды.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 479.29   550.69   5.85 

Ауа райы

Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети