Тереза Мэй Қасым-Жомарт Тоқаевты құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тереза Мэй Қасым-Жомарт Тоқаевты құттықтады Tengrinews.kz фотоколлажы. © REUTERS, akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаевты Ұлыбританияның премьер-министрі Тереза Мэй құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаевты Ұлыбританияның премьер-министрі Тереза Мэй құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Ұлыбританияның премьер-министрі Тереза Мэйдің Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Президенті лауазымына сайлануымен құттықтаған жеделхаты келіп түсті.

"27 наурыздағы құттықтау хатымда Британ-Қазақстан қатынастарының нығайып келе жатқанын атап өттім. Сол сәттен бастап елдеріміз арасындағы байланыстардың арта түскеніне қуаныштымын", - деп жазған Тереза Мэй.

Біріккен Корольдіктің Министрлер кабинетінің басшысы екіжақты іс-қимылдарды одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.

"Сіздің президенттік қызметіңіздің барысында Ұлыбритания мен Қазақстан арасындағы саяси, экономикалық және мәдени салалардағы ынтымақтастықтың жалғаса беретініне, сондай-ақ, елдеріміз арасындағы өзара қарым-қатынастардың одан әрі нығая түсетініне сенімдімін", - делінген жеделхатта. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Жамбыл облысына барды
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 504.24  course up  589.73  course up  6.49  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети