Мұрат Жүребеков ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұрат Жүребеков ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Мұрат Өтемісұлы Жүребеков Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мұрат Жүребеков 1978 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтын (іскерлік әкімшілендіру магистрі (МВА), Strathclyde университетін (экономика және басқару магистрі), "Басқарушы қызметкерлерге арналған бағдарлама" мамандығы бойынша Гарвард бизнес мектебін тәмамдаған.

Түрлі жылдары "ҚазТрансГаз" ЖАҚ, "Интергаз Орталық Азия" ЖАҚ, Лондон қаласындағы "Аджип ККО", "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ, "PSA" ЖШС қызмет еткен. 

2017-2019 жылдары - "PSA" ЖШС бас директоры (Мұнай-газ жобалары бойынша ҚР Үкіметінің өкілетті органы).

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 482.55   555.73   5.81 

Ауа райы

Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети