Құрылысшылар Ақтауда суға тұншыққан бір жанұяны аман алып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Құрылысшылар Ақтауда суға тұншыққан бір жанұяны аман алып қалды © Рукия Сычева

Құрылысшылар Ақтауда суға тұншыққан бір отбасыны аман алып қалды. Оқиға "Шора" суқоймасында болған, - деп хабарлайды "Тумба" Маңғыстау облыстық ТЖД өрт сөндіру және апат-құтқару жұмыстары баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Құрылысшылар Ақтауда суға тұншыққан бір отбасыны аман алып қалды. Оқиға "Шора" суқоймасында болған, - деп хабарлайды "Тумба" Маңғыстау облыстық ТЖД өрт сөндіру және апат-құтқару жұмыстары баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомство ресми өкілі Рукия Сычеваның айтуынша, отбасы (ерлі-зайыптылар және екі қызы) суқоймасында суға шомылған. Бір кезде олар тұншыға бастаған. Осы кезде "Шора" суқоймасының жақын маңда жүрген құрылысшылар көмекке келген. 

Олар отбасы мүшелерін түгелдей судан алып шығып, жедел жәрдем келгенге дейін көмек көрсеткен. Осыдан кейін олар құтқарушылар мен полицейлерді және дәрігерлерді шақырған. 

"Олар бәрін де дұрыс істеген. Өмірін қауіпке тігіп, бір отбасын аман алып қалды. Бұлар Мейрамбек Жиенбаев пен Қанат Қуатбаев. Осы әрекеті үшін алғыс білдіреміз", - деді Сычева.  

Оның айтуынша, таяуда "Шора" суқоймасында 22 жастағы жігіт қайтыс болды. Ол суға түсуге тыйым салынған аймаққа өтіп кеткен. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Жамбыл облысына барды
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 504.15  course down  592.2  course up  6.49  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети