Елордалық полицейлер ұрланған заттарды қабылдау пункттерін әшкереледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордалық полицейлер ұрланған заттарды қабылдау пункттерін әшкереледі

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті темір ұрлығын (кәріз қақпаларын, сымдар, темір шарбақтар, аккумулятор батареялары т.б.) болдырмау мақсатында темір қабылдау орындарын үнемі тексеріп тұрады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елордалық әкімдік сайтына сілтеме жасап. 


Биыл 27 шілдеде темір қабылдау орындарын тексеру кезінде 10-нан астам, оның ішінде 1,5 тонна түрлі түсті темір, 8 темір қақпа, 12 аккумулятор тәркіленді. Фахд бен Абдул Азиз көшесіндегі үйдің жанынан бөлшектелген кран, ал Дулатов көшесіндегі қабылдау орнынан - "Mitsubishi" көлігінің кузовы табылды. Тәркіленген заттар бойынша тексеріс жүргізілуде. Тексеріс барысында кәріз қақпалар анықталған жоқ.

Көркейту ережелері және көші-қон заңнамасын бұзғандары үшін 20 әкімшілік хаттама толтырылды. Тиісті құжаттамасыз темір қабылдау орнының 2 иесі қатысты ҚР Әкімшілік кодесінің 463-бабы бойынша әкімшілік жазаға тартылды.

ҚР ҚК-нің 188-бабы (ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тексеріс барысында Өндіріс көшесінде орналасқан темір қабылдау орында темір қақпа мен "Volkswagen" маркалы көліктің кузовы табылды. ҚР ҚК-нің 188- бабы бойынша (ұрлық) тергеу жүргізілуде. Заттай айғақтар тәркіленді.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті ұрланған заттарды сатып алған үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін ескертеді.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +18
Астана +16
Ақтау +23
Ақтөбе +21
Атырау +22
Б
Балқаш +21
Ж
Жезқазған +14
Қ
Қарағанды +18
К
Көкшетау +25
Қ
Қостанай +28
Қызылорда +14
П
Павлодар +20
Петропавл +16
С
Семей +17
Т
Талдықорған +22
Тараз +27
Түркістан +18
О
Орал +12
Ө
Өскемен +25
Ш
Шымкент +21

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер