DAZN промоутері Головкиннің келесі жекпе-жегінің уақыты мен орнын атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

DAZN промоутері Головкиннің келесі жекпе-жегінің уақыты мен орнын атады Геннадий Головкин. Фото: DAZN

Британиялық промоутер Эдди Хирн қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (39-1-1, 35 КО) келесі жекпе-жегін күзде өткізуі мүмкін екенін айтты. Оның бұл сөзін talkSPORT редакторы Майкл Бенсон келтірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


2018 жылы наурызда Хирн DAZN стриминг сервисімен сегізжылдық келісімшарт жасасқан, ал биыл бұл сервиске Головкин де қосылған. 

"Хирннің мәліметі бойынша, Головкин рингке 5 қазанда Лос-Анджелесте оралуы мүмкін", - деп жазды Бенсон. 

Естеріңізге салсақ, Головкин соңғы жекпе-жегін 8 маусымда Нью-Йоркте канадалық Стив Роллсқа қарсы өткізіп, нокаутпен жеңіске жеткен. Бұл қазақстандық боксшының DAZN-мен келісімшарты аясындағы алты жекпе-жектің алғашқысы және жаңа бапкер Джонатан Бэнкстің қол астындағы дебюті болған еді. 

Сол кездесуден кейін Головкин мексикалық Сауль Альваресті жекпе-жекке шақырған. Алайда WBC (Franchise), WBA (Super) және IBF чемпионы қазақстандықпен биыл кездескісі келмейтінін білдірген. 

Айта кетейік, Головкин өз карьерасында Лос-Анджелесте жұдырықтасып көрген жоқ, бірақ оның маңындағы қалашықтар - Карсон мен Инглвудте төрт жекпе-жек өткізген. 

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +17
Астана +16
Ақтау +23
Ақтөбе +20
Атырау +22
Б
Балқаш +21
Ж
Жезқазған +14
Қ
Қарағанды +18
К
Көкшетау +24
Қ
Қостанай +26
Қызылорда +16
П
Павлодар +21
Петропавл +16
С
Семей +17
Т
Талдықорған +22
Тараз +28
Түркістан +19
О
Орал +13
Ө
Өскемен +24
Ш
Шымкент +20

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер