Головкиннің рингке қашан шығатыны анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкиннің рингке қашан шығатыны анықталды Геннадий Головкин. Фото: DAZN

DAZN стриминг сервисі қазақстандық Геннадий Головкиннің (39-1-1, 35 КО) келесі жекпе-жегінің уақытын тағайындады, - деп хабарлайды Vesti.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

DAZN стриминг сервисі қазақстандық Геннадий Головкиннің (39-1-1, 35 КО) келесі жекпе-жегінің уақытын тағайындады, - деп хабарлайды Vesti.kz

ESPN ақпараты бойынша, DAZN басшылығы өз кестесінде 5 қазанды бекітіп қойған. Бұл Головкин үшін платформамен келісімшарт аясындағы алты жекпе-жектің екіншісі болады. 

Бұған дейін жекпе-жектің 5 қазанда өтетінін BoxingScene тілшісі Кит Айдек пен The Athletic инсайдері Майк Коппинджер мәлімдеген болатын. 

Айта кетейік, 5 тамызда Халықаралық бокс федерациясы (IBF) орта салмақта чемпион атағы үшін Головкин мен украиналық Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) жекпе-жегін тағайындаған болатын. Қазір екі тарап келіссөз жүргізіп жатыр. Кездесу 5 тамызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтуі ықтимал. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Брижит Бардо өмірден өтті
Тоқаев Жамбыл облысына барды
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 504.15  course up  592.2  course up  6.49  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети