Головкин әлем чемпионы титулы үшін барлық талапқа келісті

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин әлем чемпионы титулы үшін барлық талапқа келісті © Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық Геннадий Головкин IBF титулы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін украиналық Сергей Деревянченкомен жекпе-жектің барлық талабына келісті. Бұл туралы The Athletic инсайдері Майк Коппинджер хабарлады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Кездесу 5 қазанда Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасында өтеді, ал АҚШ-та оны DAZN стриминг сервисі трансляциялайды. Мәміле аяқталуға жақын қалды.

"Дереккөз: GGG 5 қазанда MSG аренасында Деревянченкомен жекпе-жек өткізу үшін барлық талапқа келісті. Деревянченконың кеңесшілері Кит Коннолли және Эл Хэймон келісімшартқа әлі қол қоймады, бірақ ол жүзеге асса, Головкинге IBF титулын қайтаруға мүмкіндік туады", - деп жазды Коппинджер.

Бұған дейін Головкин мен Деревянченконың жекпе-жегінің уақыты осы аптада мәлім болатыны хабарланған.  Сондай-ақ, украиналық спортшының гонорары да айтылды, бұл тек ол үшін емес, оның еліндегі боксшылары алмаған рекорд қаражат болайын деп тұр. 

Еске салайық, 5 тамызда Халықаралық бокс федерациясы (IBF) бос қалған белбеу үшін Деревянченко мен Головкин арасында жекпе-жек тағайындады. Тараптарға келіссөз жүргізуге 30 күн берілді, ал олар сәтсіз болған жағдайда промоутерлік сауда-саттық тағайындай алады.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +25
Астана +28
Ақтау +25
Ақтөбе +24
Атырау +27
Б
Балқаш +30
Ж
Жезқазған +25
Қ
Қарағанды +29
К
Көкшетау +31
Қ
Қостанай +35
Қызылорда +26
П
Павлодар +29
Петропавл +25
С
Семей +26
Т
Талдықорған +29
Тараз +35
Түркістан +25
О
Орал +24
Ө
Өскемен +35
Ш
Шымкент +25

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер