Алматының маңы тағы өртенді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының маңы тағы өртенді

Алматының маңы тағы өртенді, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының маңы тағы өртенді, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Бұл жолы облыс аумағына жататын қалаға тиіп тұрған Бесағаш ауылындағы тау бөктері жанып кетті. Лап еткен қураған шөп демде қарқын алып, етектегі тұрғындар әрі-сәрі күйге түсіпті.

"Оқиға орнында шамамен 150-дей адам жұмыс істеді. Өрт 14 тамызда сағат 9:30-да тоқтатылды. Жанған аумақтың көлемі - 45 гектар", - Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Азамат Жұртбаев.

Төтеншеліктер өрттің жақын маңайдағы үйлерге өтіп кетпеуіне бар күшін салып, түнімен жалынды сөндірген. Себебі, Бесағаш ауылында тұтанған жалынның аумағы Думан шағын ауданымен шектескен. Сондықтан облыстық өрт сөндірушілер мен Іле-Алатауы ұлттық паркінің қызметкерлеріне алматылық төтеншеліктер көмекке келіпті. Қазір қауіп толықтай сейілді дейді мамандар. 

Айта кетейік, өткен демалыс күндері табиғаты көркем Көктөбе өртеніп, төтеншеліктер тікұшақтың көмегіне жүгінген болатын. Тіпті, тілсіз жау ауыздықталғасын өртенген аймақтан 1 адамның мәйіті табылды. Ал, күн сайын қылаң беретін өрттің алдын алуды көздеген мамандар Көктөбенің маңында кезекшілік ұйымдастыруға көшіпті.

"Сол өрт қайталанбауы үшін, алдын алу үшін сол жерде жұмыстар жүргіземіз. Полиция департаментінен 3 қызметкер, Төтенше жағдайлар департаментінен 11 қызметкер күнделікті тексереді. Сондай-ақ үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді", - деді Алматы қаласы ТЖД бастығының орынбасары Ерлан Әлібеков. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Брижит Бардо өмірден өтті
Тоқаев Жамбыл облысына барды
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 502.57  course down  592.2  course up  6.49  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети