Алматыда алаяқ шетелдіктерді полицеймін деп алдаған

Алматыда алаяқ шетелдіктерді полицеймін деп алдаған

Шетелдік азаматтарды полицей өкілімін деп алдап келген алаяқ ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шетелдік азаматтарды полицей өкілімін деп алдап келген алаяқ ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Наурызбай ауданыны департаментінің хабарлауынша, шетелдік азаматтарды полиция өкілімін деп алдап, көші-қон саласындағы мәселелерін шешіп беремін деп уәде берген. Нақты айтқанда, Қазақстанда тұру рұқсатын алып беремін деп сендірген. 1985 жылғы азамат әрбір қызметі үшін 250 мың теңге алған. 

"Өзінің клиенттерін сендіру үшін кездесулерге алаяқ арнайы полиция формасын киіп келіп жүрген. Қазір ол ұсталды. Тергеу кезінде оның құқық қорғау органдарына қатысы жоқ екені анықталды. Күдіктінің заңсыз әрекеттерінен бірнеше азамат, оның ішінде шетелдік азаматтар зардап шеккен", - деп мәлімдеді Наурызбай ауданының полиция басқармасының басшысы, майор Зухраб Сырзағали. 

Тергеушілер күдіктінің суретін жариялаған. Таныған жағдайда келесі телефон номерлеріне хабарласуға болады: 254-44-61 және 254-44-62; 254-44-64.

Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Брижит Бардо өмірден өтті
Тоқаев Жамбыл облысына барды
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 502.51  course down  595  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети