"Медеуде" қызды зорлаған алматылықтың жаза мерзімі ұзарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Медеуде" қызды зорлаған алматылықтың жаза мерзімі ұзарды © youtube/Silk Roa

Алматы қалалық сотында "Медеуде" зорланған қыздың ісі бойынша апелляциялық отырыс өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қалалық сотында "Медеуде" зорланған қыздың ісі бойынша апелляциялық отырыс өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Сот отырысы басталғанға дейін хатшы отырыстың жабық тәртіпте өтетінін айтты. Хатшының айтуынша, сот осыған дейін шығарған мерзімге тағы сегіз ай қосты. Осылайша, ер адам төрт жыл екі айға бас бостандығынан айырылды.

Еске салайық, биыл наурызда "Медеу" мұз айдынында белгісіз ер адам қызды зорлап кеткен болатын. Зорлықшының Алматы облысының тумасы екені белгілі болды. Кейінірек ол кепілмен бостандыққа шыққан болатын, бірақ қазір ол қамауда. Сот мәліметінше, ер адам осыған дейін зорлық жасағаны үшін және алаяқтық үшін сотты болған.

Сотталушы өз кезегінде кінәсін мойындап, моральдық шығынды өтеуге дайын екенін айтады.

Әлем елдері зорлық жасағандарды қалай жазалайды?

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Брижит Бардо өмірден өтті
Тоқаев Жамбыл облысына барды
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 502.51  course up  595  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети