Алматы облысында биіктен секірген полковниктің парашюті ашылмай қалған

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында биіктен секірген полковниктің парашюті ашылмай қалған pixabay.com

Алматы облысында биіктен секірген офицер парашюті ашылмай қалып, ажал құшты. Қайғылы оқиға Қапшағай маңындағы оқу-жаттығу алаңдарының бірінде болған. Бұл туралы КТК хабарлады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында биіктен секірген офицер парашюті ашылмай қалып, ажал құшты. Қайғылы оқиға Қапшағай маңындағы оқу-жаттығу алаңдарының бірінде болған. Бұл туралы КТК хабарлады. 

Қорғаныс министрлігі таратқан ақпаратқа қарағанда, "МИ-17" тікұшағынан төменге құлдилаған полковник Алдоңғаровтың жерге 300 метрдей қалғанда парашюті ашылмай қалыпты. Десанттық-шабуылдау бригадасының офицері қауіпсіздік ережесін сақтамаған деген болжам айтылды.

Марқұм қосалқы парашютті де іске қосып үлгермеген. Полковник сол жерде тіл тартпай кетті. Жоспарлы жаттығу "Бүркіт" арнайы құрылымының талабына сәйкес 1200 метр биіктіктен секіру бойынша жүргізілген екен. Бұл аэроұтқыр әскерлері орындайтын жауынгерлік даярлық. Қазір қылмыстық кодекстің 453-бабы 2-тармағы аясында іс қозғалды. Яғни қызметке салғырт қарап, ауыр зардапқа әкеп соғу бойынша тексеріс жүргізіледі.

Дереккөз: КТК

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Брижит Бардо өмірден өтті
Тоқаев Жамбыл облысына барды
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 502.51  course up  595  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети