Тоқаев Ақмола облысының әкімін қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Ақмола облысының әкімін қабылдады © akorda.kz

Қазақстан Президенті Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына Ақмола облысының биылғы 8 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, сондай-ақ келесі жылы Көкшетау қаласында өтетін Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығы форумына дайындық барысы баяндалды. 

Қазақстан Президенті өңірде агроөнеркәсіптік кешен мен туризм саласының әлеуетін нығайтудың маңыздылығын айтып, әкімге жер ресурстарын тиімді пайдалану мәселесін тапсырды. Сондай-ақ, ол балалар мен жастарға қолжетімді инфрақұрылым нысандарын салу қажеттігін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев Ермек Маржықпаевқа Ақмола облысын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Брижит Бардо өмірден өтті
Тоқаев Жамбыл облысына барды

Валюта бағамы

 505.73  course up  595  course up  6.32  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети