Қазақстан туристер үшін қаншалықты қауіпіз ел?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан туристер үшін қаншалықты қауіпіз ел?

Финляндия туристер үшін әлемдегі ең қауіпсіз ел болып саналады. Бұл туралы The Travel and Tourism Competitiveness Report 2019 Дүниежүзілік экономикалық форумда мәлімдеді, - деп хабарлайды "Хабар 24".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Финляндия туристер үшін әлемдегі ең қауіпсіз ел болып саналады. Бұл туралы The Travel and Tourism Competitiveness Report 2019 Дүниежүзілік экономикалық форумда мәлімдеді, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Рейтинг халықаралық ұйымдардың статисткалық мәліметтеріне және жүргізілген зерттеулердің нәтижесі бойынша түзілген.

Туристер үшін қауіпсіз саналатын мемлекеттердің үштігін Исландия мен Оман түйіндеді.

Ал алғашқы ондықта Швейцария, Гонконг, БАӘ, Люксембург, Португалия мен Жаңа Зеландия бар. Қазақстан бұл тізімде 80-орында тұр.

Ең қауіпті елдердің қатарына Сальвадор, Нигерия, Йемен, Венесуэла мен Гондурас енген.

Наурыз айында Финляндия 2018 жылдың қорытындысы бойынша ең бақытты мемлекеттердің көшін бастаған.

Global Finance Суоми елін ол кезде қауіпсіздік жағынан да үздік үштікке қосқан болатын, деп жазады russian.rt.com.

Бұған дейін әлемдегі медициналық және туристік қауіпсіздік жөніндегі ірі компания Қазақстанды жол апаты жиі болатын мемлекеттер санатына қосқан. Тізімнен Африка, Иран, Доминикана, Таиланд және Вьетнамды да кездестіруге болады.

Ауа сапасы жоғары елдер сапында да Финляндия бірінші орынға шыққан болатын. Одан бөлек Исландия, Эстония, Швеция және Норвегия бар, ал Моңғолия, Ауғанстан мен Мьянмада жағдай мүшкіл екен. Қазақстан зерттеу жүргізілген 106 мемлекеттік ішінде 25-орыннан көрінді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Брижит Бардо өмірден өтті
Тоқаев Жамбыл облысына барды

Валюта бағамы

 505.73  course up  595  course up  6.32  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети