18 қыркүйек 2019 | 10:50

Түркістан облысында келіні туысын балғамен ұрып өлтірген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында әйелдің мәйіті табылды, - деп хабарлайды "Отырар" Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 16 қыркүйекте Созақ аудандық полиция бөліміне ер адам қоңырау шалып, көрші үйден зорлықпен өлтіру белгілері бар әйелдің мәйітін тапқанын айтқан.


Түркістан облысында әйелдің мәйіті табылды, - деп хабарлайды "Отырар" Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 16 қыркүйекте Созақ аудандық полиция бөліміне ер адам қоңырау шалып, көрші үйден зорлықпен өлтіру белгілері бар әйелдің мәйітін тапқанын айтқан.

Полиция бұл мәлімдемені ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы "Кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеді. Учаскелік полиция кезекшісі аймақтық бөлімге ауыр қылмыс туралы хабарлаған.
Созақ ауданына тәжірибелі криминалды полиция қызметкерлерінің арнайы тобы аттанды. Мәйітті қарау кезінде сот-медицина мамандары зардап шеккен адамның басына ауыр затпен соққы беру нәтижесінде қайтыс болғанын мәлімдеді. Өз кезегінде облыс орталығынан келген жедел уәкілдер оқиға болған жерді мұқият зерттей бастады.

Полицейлер жәбірленушінің үйі сыртынан кілтпен құлыптаулы тұрғанын байқаған. Дәл осы жағдай полицияны туыстарының бірі өлтірген деген ойға жетеледі. Күндізгі жедел-іздестіру шаралары барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері марқұмның өліміне көрші ауылдың тұрғыны - өзінің келінінің қатысы барлығын анықтады.

Тергеушілер күдіктіні өз үйінде ұстады. Күдікті қамауға алынды. Ол бұл әрекетті толық мойындады. Айғақты зат - балға тәркіленді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сараптама тағайындалған. Тергеушілер кісі өлтіру себебін және оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үстінде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 482.09   532.1   5.08 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети