18 қыркүйек 2019 | 19:28

Роман Скляр премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Роман Скляр премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Роман Скляр премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Скляр 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап бүгінге дейін ҚР инвестициялар және даму вице-министрі қызметін атқарды.

Роман Скляр Павлодар монтаж техникумын, Павлодар мемлекеттік университетін, Мәскеу қазіргі заман бизнес институтын, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын бітірген.

Роман Скляр әр жылдары Павлодар қаласы мемлекеттік сатып алу басқармасының бастығы, аппарат басшысы, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары, Астана қаласындағы энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры қызметтерін атқарды.

Сондай-ақ, ол Павлодар облысы әкімінің орынбасары, Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары, көлік және коммуникация вице-министрі, ҚТЖ вице-президенті, ұлттық экономика вице-министрі, инвестициялар және даму вице-министрі болып жұмыс істеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 482.09   532.1   5.08 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети