20 қыркүйек 2019 | 17:20

Бурабай әкімі мас күйде көлік жүргізгені үшін қызметінен босатылды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Kokshetau Asia © Kokshetau Asia

Бурабай әкімі Талғат Амантаев мас күйде қызметтік автокөлікті айдағаны үшін жұмыстан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Бурабай әкімі Талғат Амантаев мас күйде қызметтік автокөлікті айдағаны үшін жұмыстан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жол полициясы қызметкерлері әкімді Щучинск қаласында тоқтатып, медициналық куәландыруға жіберген. 

"Сараптама нәтижесі оның жеңіл дәрежеде мас болғанын көрсетті. Осыған байланысты Бурабай аудандық сотының қаулысымен Талғат Амантаев ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды", - деп хабарлады ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі өкілі. 

Сондай-ақ, ведомстводағылар әкім үш жылға жүргізуші куәлігінен айырылғанын атап өтті. Оның ісі 23 тамызда этика жөніндегі кеңестің отырысында қаралды.

"Отырыста Талғат Амантаев жасаған іс-әрекетіне өкінетінін айтты. Бірақ әдеп жөніндегі кеңес мүшелері бұл теріс қылықтан кейін ол мемлекеттік қызметте қала алмайды деген шешімге келді", - деп толықтырды баспасөз қызметіндегілер. Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі әкім қызметінен 9 қыркүйекте кеткенін хабарлады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 482.09   532.1   5.08 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети