Алматыда үш үй өртенді

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда үш үй өртенді Куәгерлер түсірген

Алматыдағы үш үйден өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы үш үйден өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

ТЖД мәліметі бойынша, жалпы ауданы 395 шаршы метр болатын үш жеке тұрғын үй мен ауладағы құрылыстар жанған.

Оқиға болған жерден фото мен видеоларды редакцияға куәгерлер жіберді.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт себебі анықталып жатыр.

ТЖД өкілдері өрт сөндірілгенін айтты.

Оқиға орнында ТЖД-ның 44 қызметкері мен 18 техника және Алмалы аудандық полиция басқармасының 13 қызметкері мен 4 бірлік техникасы жұмыс істеді.

 Суреттерді "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі түсірген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Брижит Бардо өмірден өтті

Валюта бағамы

 505.73  course up  595  course up  6.32  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети