10 қазан 2019 09:27

Алматы облысында қытайлық жұмысшылар қатысқан төбелестің мән-жайы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация. © Тұрар Қазанғапов Иллюстрация. © Тұрар Қазанғапов

Алматы-Өскемен автожолының реконструкциясы бойынша жол-құрылысы жұмыстары барысында қытайлық жұмысшылардың төбелесі дерегі бойынша Алматы облысы полициясы тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы-Өскемен автожолының реконструкциясы бойынша жол-құрылысы жұмыстары барысында қытайлық жұмысшылардың төбелесі дерегі бойынша Алматы облысы полициясы тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 7 қазанда Ақсу ауданының аумағында болған. Полиция мәліметтеріне сәйкес, CITIC Construction ЖШС-нің төрт қызметкері, ҚХР азаматтары арасында өндірістік қарым-қатынас негізінде төбелес шыққан.

"Нәтижесінде ҚХР азаматтарының бірі (К. Ж.) - тұруға ықтиярхат ресімдеген этникалық қазаққа денсаулыққа жеңіл зиян санатына жататын дене жарақаттары келтірілген. ҚХР-ның кінәлі азаматтары (L.Z., C. H., C. P.) ҚР ӘҚБтК-нің 73-1 бабы бойынша ("Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру") әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.

Полиция хабарына қарағанда, келесі күні Қазақстан азаматтары арасынан жергілікті тұрғындар мен компания қызметкерлерінің тобы ҚХР азаматтары арасындағы жанжалдың мән-жайына қарамастан, бұзақылық ниетпен өндірістік нысан аумағында және тұрғын вагоншаларда болған Citic Construction ЖШС жұмысшыларын соққыға жыққан.

"Бұзақылықтың салдарынан ҚХР азаматтарының ішінен төрт адам түрлі дәрежедегі дене жарақатымен аймақтың медициналық мекемелеріне жатқызылды. Аталған дерек бойынша Алматы облысының полиция департаменті ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлімі, 107-бабы 2-бөлімі және 106-бабы 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қылмыс жасаған күдіктілер анықталып, ұсталды", - деп хабарлады полициядағылар.

Сонымен қатар, Citic Construction ЖШС-де көші-қон жағдайына жүргізілген тексеру барысында 33 шетелдік қызметкердің ҚР Көші-қон заңнамасы талаптарының бұзу деректері анықталды. Аталған тұлғалар ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларды елден шығару мәселесі қаралып жатыр екен.

Сонымен қатар, Алматы облысы мен Алматы аумағында тіркелген, Қазақстан аумағында шетел азаматтарының келуін және болуын ұйымдастыруды жүзеге асырған бірқатар заңды тұлғаларға қатысты ішкі істер органдары ҚР ҚК 394-бабы ("Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру") бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

"Қылмыстық істерді тергеу барысын ішкі істер министрі бақылауға алды", - деп атап өтті ПД өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети