15 қазан 2019 12:11

Көлгінов салынып жатқан тұрғын үй кешенін тексерді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жұмыс күні басталғанға дейін елорда әкімі Алтай Көлгінов Елбасы жариялаған жастар жылында, жұмыс істейтін жастар үшін, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға салынып жатқан көп қабатты тұрғын үй кешеніне барды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елордалық әкімдік баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы одан әрі дамыту жөніндегі кеңесте тұрғын үйді іске қосу қарқынын және құрылыс жұмыстарының көлемін арттыру қажеттігіне назар аударды. Президенттің мекемелердің "қадамдық қолжетімділік" туралы тапсырмасын іске асыру аясында тұрғын үй кешенінің бірінші қабатында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталығы, барлық аудан тұрғындары үшін емхана болады. Ал екінші қабатта - балаларға арналған шағын орталық (балабақша) және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полиция пункті орналасады.

Салынған үй-жайлары мен екі деңгейлі паркингі бар тұрғын үй кешені А. Жангелдин, С. Рахимов, Ш. Уәлиханов көшелерінің қиылысында (ескі базар ауданы) орналасқан. Ол 1472 пәтерден тұрады. Тұрғын үй кешені осы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі.

Қала әкімі Алтай Көлгінов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша балалардың терезеден құлауын болдырмау үшін құрылыс нормаларында қауіпсіздіктің нақты параметрлерін күшейту қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, үйді инженерлік желілерге уақытында қосып, аула аумақтарын абаттандыруды аяқтау қажет.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети