15 қазан 2019 14:38

Рэпер Баста футбол клубының иесі атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Баста" деген атпен танымал болған ресейлік музыкант және продюссер Василий Вакуленко СКА "Ростов-на-Дону" клубының иесі атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әлеуметтік желілердегі команданың ресми парақшасына сілтеме жасап.


"Баста" деген атпен танымал болған ресейлік музыкант және продюссер Василий Вакуленко СКА "Ростов-на-Дону" клубының иесі атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әлеуметтік желілердегі команданың ресми парақшасына сілтеме жасап.

Әнші клубтың қарыздық міндеттемелерін жауып, команданың дамуына 10 миллион рубльге жуық жеке қаражат салғаны туралы хабарланған. Осыдан кейін иесі клубты тікелей менеджментпен айналысатын футбол саласының мамандарын шақыртып, басқаруды тапсырды. Вакуленко коммуникациялық даму мен демеушілермен жұмыс жасауды өзі атқаратынын аңғартты.

"Клубтың халі мүшкіл еді. Болашағы бұлыңғыр еді, ойыншылар мен клуб қызметкерлеріне жалақы төлеуде де көптеген қиындықтар болды. Клубтың келесі маусымда ойнайтыны және ойнамайтыны да белгісіз болды. Біз бұл мәселені зерттедік, нақты демеушілерді іздей бастадық және оларды таптық. Енді біздің мақсатымыз - қайта жандандыру, сауатты іріктеу және өз ойыншыларымызды өсіру. Мен жетістікке жеткім келеді. Бұл керемет әлеуметтік жоба ", - деді Баста.

Ростов клубының жаңа басшылығы "армия футболының даңқты дәстүрлерін жандандыру" міндетін алға қояды. 2019-2020 жылғы ойын маусымынан бастап клубты Ростек корпорациясының еншілес компаниясы және Ростов облысының басшылығы қолдайтын болады.

Клуб енді Ресейлік КФЛ-де өнер көрсетеді. Команда клубты қолдай отырып, бұрынғы серіктестерін сақтап қалды және жаңаларына қол жеткізді. Әскери құрылымдармен тарихи қарым-қатынаста болған клуб Қорғаныс министрлігімен ынтымақтастықты нығайту бағытын жалғастыруға ниетті екендігі айтылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети