17 қазан 2019 11:54

2020 жылы Нұр-Сұлтанда 12 мектеп салынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© astana.gov.kz © astana.gov.kz

Елорда әкімі Алтай Көлгінов жұмыс күні басталғанға дейін екі мектептің құрылыс барысымен танысты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елордалық әкімдік баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Елорда әкімі Алтай Көлгінов жұмыс күні басталғанға дейін екі мектептің құрылыс барысымен танысты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елордалық әкімдік баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ҚР Президенті елорданы дамыту жөнінде өткен кеңесте орын жетіспеушілігін болдырмау мақсатында мектеп құрылыстарына жеке серіктестерді белсенді түрде тартудың маңыздылығын атап көрсеткен болатын.

Сауран және №24 көшелерінің қиылысында салынып жатқан білім ордасы 1200 орынға есептелген. Бұл жаңа мектеп салынған соң №84 және №85 мектептерде үш аусымды оқудың жүктемесін азайтады. Мектеп құрылысын салушының айтуынша мұнда инженерлік желілер тартылып, төбесі жабылған, ал келесі жылы әрлеу жұмыстарына кіріспек.

Ал екінші барған мектеп Ұлы дала және № 39 көшелерінің қиылысында салынып жатыр. Бұл оқу ғимараты да 1200 орынға есептелеген яғни №59 бен №76 мектептің жүктемесін азайтады. Қазір мұнда тек қадалары ғана қағылып тұр. Елорда әкімі Алтай Көлгінов құрылыс қарқынын күшейту қажеттігін айтты. Екі мектептің де құрылысын келер жылы аяқтау жоспарланып отыр.

2020 жылы 9500 оқушылық орынға арналған 12 мектеп құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Инвестиция жөніндегі қалалық кеңестің отырысында 16 мың орындық (оның ішінде 3 мың мектепке дейінгі орын) 18 жеке мектептің құрылысына қолдау білдірілді. Инвестиция көлемі 50 млрд.теңгеден асады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети