17 қазан 2019 15:48

Павлодар облысында 23 оқушы уланған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар блыстық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаменті тексеру барысында мектеп асханасындағы санитарлық ережелердің бұзылғанын анықтады,  - деп хабарлайды "Павлодар жаңалықтары".


Павлодар блыстық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаменті тексеру барысында мектеп асханасындағы санитарлық ережелердің бұзылғанын анықтады,  - деп хабарлайды "Павлодар жаңалықтары".

Тексерістің алғашқы нәтижелерін департамент басшысы Ирина Сорокина айтты. Ол уланған балалардың саны 23-ке дейін артқанын және олар 1-7-сынып оқушылары екенін атап өтті.

"16 қазандағы жағдай бойынша стационарда бір бала қалды. Қалған 22 баланың жағдайы қанағаттанарлық. Эпидемиологиялық тексеру барысында мектептің ас блогында ереже бұзушылықтар тіркелді. Сондай-ақ зертханалық бақылау кезінде талапқа сай келмейтін сынамалар анықталды. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда. Сонымен қатар, полиция басқармасы тарапынан қылмыстық іс қозғалды, - деді Ирина Сорокина. 

Департамент басшысы балалардың улануының нақты себебі бәліштерден немесе лас ыдыстардан болғаны 20 қазан күні, яғни талдау нәтижелері жарияланған кезде белгілі болатынын айтты.

Павлодар облысы полиция департаментінің ресми өкілі Жанар Белялованың мәлімдеуінше, ҚР ҚК-нің 304-бабы - "ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу" бойынша қозғалған қылмыстық іске қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Еске салайық, Павлодар ауылының №40 ЖОМ алғашқы жеті оқушысы 10 қазанда медициналық көмекке жүгінген болатын. Түнде балалардың қызуы көтеріліп, құсу және диарея басталған. Оқыс оқиғадан кейін бірнеше күн ішінде зардап шеккендер саны 22-ге, содан кейін 23-ке дейін өсті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети