18 қазан 2019 17:09

Екпе алмаған балаларды балабақшаға қабылдағандар жауапқа тартылуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екпе алмаған балаларды балабақшаға қабылдағандар жауапқа тартылуы мүмкін, - деп хабарлайды Хабар24.


Екпе алмаған балаларды балабақшаға қабылдағандар жауапқа тартылуы мүмкін, - деп хабарлайды Хабар24.

Бұл туралы Тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары - бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Жандарбек Бекшин айтты.

"Мектепке дейінгі ұйымдарға вакцинациядан өтпеген балалар кіргізілмейді. Бұл шектеудің екпеге медициналық тұрғыда қайшылығы бар балаларға қатысы жоқ. Не үшін олай еттік? Себебі, екпе медициналық тұрғыда ағзасына кері әсер ететін балалар да бар. Яғни, оларға екпе жүргізілмейді", - деді Жандарбек Бекшин ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Айтуынша, туғаннан иммунодефицитпен өмір есігін ашатын балалар бар. Халықтың 95 пайызына екпе жасалса, екпе жасалмауы тиіс адамдар тобын аурудан қорғап қалуға мүмкіндік бар. Баласы балабақшаға барарда ата-ана учаскелік педиаторға барып, денсаулық паспортын алатынын, онда баланың екпе алғаны туралы мәлімет болуы керек екенін де айтып өтті.

"Баланы балабақшаға апаруға болатыны құжатта жазылады. Егер ондай қорытынды денсаулық паспортында болмаса, мектепке дейінгі ұйым басшысының оны кіргізуге құқығы болмайды. Егер басшы бұл талапты бұзатын болса, тексеріс кезінде бұл фактінің барын білсек, бастабында онымен, баланың ата-анасымен де түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Егер ол ары қарай да бұл шектеуді қабылдамаса, онда басшыға тиісті ұйғарым беріледі. Ұйғарым орындалмаса, іс сотта шешіледі", - деді Жандарбек Бекшин.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети