24 қазан 2019 08:41

Алматыда әл-Фараби даңғылында автобус өртенді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Алматыда әл-Фараби даңғылында жолаушылар автобусы өртенді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Алматыда әл-Фараби даңғылында жолаушылар автобусы өртенді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, өрт бүгін, 24 қазанда таңғы сағат 07.00 шамасында болған. Автобустың әл-Фараби даңғылы мен Ходжанов көшесінің қиылысында өртенгені айтылады.

Қалалық ТЖД мәліметінше, №32 бағыттағы автобус өртенген.

"Өрт сөндірушілер сағат 06.53-те оқиға орнына барды. Автобустың ішінде жолаушылар болған жоқ. 25 шаршы метр аумақ өртке оранған. Жүргізуші өртті өз бетінше сөндірмек болған. Өртті 11 қызметкер сөндірді, бір дана техника жұмылдырылды. Өрт сағат 06.57-те ауыздықталып, сағат 07.04-те толықтай сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ", - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Кейбір мәліметтерге сүйенсек, қазіргі уақытта полицейлер әл-Фараби даңғылындағы батыс бағыттағы көлік қозғалысын тоқтатты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети