24 қазан 2019 16:48

Конор МакГрегор спортқа оралғанын мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Ирландиялық файтер Конор МакГрегор Мәскеуде өткен баспасөз мәслихатында ММА-ге оралатынын және ресейлік Хабиб Нурмагомедовпен реванш өткізетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz


Ирландиялық файтер Конор МакГрегор Мәскеуде өткен баспасөз мәслихатында ММА-ге оралатынын және ресейлік Хабиб Нурмагомедовпен реванш өткізетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz

"Маған дайындыққа 66 күн керек, оны бастап та кеттім. Ерте жатып, ерте тұрамын, бәрін кесте бойынша жасаймын, тәртіп - табыс кілті. Қазір өз қалпыма оралып келемін. Бұл спортта жүргеніме көп жыл болды, оның қалай жасалатынын білемін, оңай емес. Ресейде төбелескім келеді. Тәуекелді жақсы көремін.  

Бірақ менің жекпе-жегім 18 қаңтарда Лас-Вегаста өтеді. Күні келісілді. Бірақ қарсыласымның аты-жөнін айтсам, UFC мені өлтіреді. Мен оралдым! Кейін Хабиб - Тони Фергюсон жекпе-жегінің жеңімпазымен Мәскеуде кездескім келеді. Мәскеу бұл жекпе-жекке лайық. Хабибпен реванш бәрібір өтеді", - деді МакГрегор.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети