24 қазан 2019 17:08

Дариға Назарбаева Дмитрий Медведевпен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрайымы Дариға Назарбаева "Горки" резиденциясында РФ Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Сенат баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрайымы Дариға Назарбаева "Горки" резиденциясында РФ Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Сенат баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тараптар мемлекеттер арасында қарқынды саяси үнқатысу қалыптасқанын, экономикалық тығыз байланыстар орнағанын, барлық салалдағы ынтымақтастық өзара тиімді дамып келе жатқанын атап өтті. Өнеркәсіп кооперациясын дамыту, Қазақстан мен Ресей кәсіпорындары арасындағы екі жақты жобаларды іске асыру көзделіп отыр.

Талқылау барысында Қазақстан азаматтарының Ресей аумағында жүріп-тұру және болу жағдайларын құқықтық қамтамасыз ету, шекаралық өткізу бекеттерінің мәртебесін өзгерту, жалпылама Экологиялық үлгі кодексті әзірлеу, Қазақстан аумағындағы полигондардың экологиясы, сондай-ақ су ресурстарын, оның ішінде трансшекаралық өзендерді бөлу мәселелері қозғалды.

Дариға Назарбаева кездесу барысында сондай-ақ қазақстандық көмірді Ресей мен Украинаға жеткізу мәселесін де көтерді. Сенат Төрағасының айтуынша, жүкті Ресей аумағынан шығаруға және сол аумақтан Украинаға транзитке шектеулер енгізілгеннен кейін біріншіден қазақстандық кәсіпорындарға украин нарығына кіру мүмкіндігі жабылды, екіншіден Ресей нарығы айтарлықтай қысқарып қалды.

"Қазақстандық көмірді өткізетін басқа нарықтар жоқ. Бағаның құлдырауы мен көлік шығындарының өсуіне байланысты Еуропалық бағыт іс жүзінде тоқтады. Ресейлік шаралар біздің көмір өндіруші кәсіпорындарды осындай жағдаймен тоқтаудың шегіне әкеліп отыр", - деді Назарбаева.

Ресей Үкіметінің Төрағасы Дмитрий Медведев Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы сапарының маңыздылығын атап өтті және Ресей мен Қазақстан арасындағы байланыс ауқымдылығымен және тереңдігімен ерекшеленетінін айтты.

Ресей Федерациясы үкіметінің басшысы талқыланған барлық тақырыптар бойынша тиісті тапсырмалар берілгеніне ерекше назар аудартты.

"Бүгін көтерілген мәселелер оң шешімін табады. Жайық өзені бойынша бірлескен комиссия құру жөніндегі қажетті іс-қимылдың бәрін өз орынбасарым Алексей Гордеевке жүзеге асыруды тапсырамын. Ортақ мәселелерді өзара тиімді жағдайда шешу қажет", - деді Медведев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети