Ақтөбеден Алматыға бара жатқан пойызда әйел босанып қалды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеден Алматыға бара жатқан пойызда әйел босанып қалды © pixabay.com

24 қазанда "Ақтөбе-Алматы-1" бағыты бойынша жүретін жолаушылар пойызында жолсеріктер мен жолаушылар толғағы келген әйелді босандырып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз орталығына сілтеме жасап. 

Ақпарат бойынша, кеше №34/33 "Ақтөбе-Алматы-1" бағыты бойынша жүретін жолаушылар пойызының Шу жол телімінде нәресте дүниеге келген. 5 вагонда келе жатқан Алтынай Темір жол үстінде толғатып, жолсеріктер мен пойыздағы сапар шегіп бара жатқан жолаушы дәрігерлердің көмегімен аман есен босанған. Отар стансасына келгенде оларды жедел жәрдем көлігі тосып алып, жақын маңайдағы ауруханаға жеткізген. 

"Компания өз атынан қол ұшын созған жолаушылар - дәрігер Евгений Колопилов пен акушер Бейбіткүл Құмғанбаеваға және де вагон жолсерігі Руслан Байекешов пен пойыз басшысы Сағынай Жүсіпке алғысын білдіреді", - делінген хабарламада.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Брижит Бардо өмірден өтті

Валюта бағамы

 505.73  course up  595  course up  6.32  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети