Нұр-Сұлтан және бес облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан және бес облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан және төрт облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


27-28 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында желдің екпіні секундына 20 метрге жетеді. 27 қазанда Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде күші секундына 15-20 метр, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде екпіні секундына 23-28 метр күтіледі. 28 казанда батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерлерде екпіні секундына 23-28 метр күтіледі. Көкшетау қаласы 27 казанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр күтіледі.

28 қазанда Шығыс Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел күтіледі, кей жерлерде 15-20, екпіні секундына 25 метр жетеді. Семей қаласы күндіз 28 қазанда оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метр жетеді.

28 қазанда Қостанай облысының оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, кей жерлерінде екпіні секундына 23-28 метр күтіледі. Қостанай қаласы 28 қазанда оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метр күтіледі.

27-28 қазанда Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні секундына 23-28 метр күтіледі. Петропавл қаласы 27-28 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні секундына 15-20 метр күтіледі.

28 қазанда Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метр күтіледі. Орал қаласында 28 қазанда күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 18 метр күтіледі.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +31
Астана +34
Ақтау +30
Ақтөбе +35
Атырау +33
Б
Балқаш +36
Ж
Жезқазған +33
Қ
Қарағанды +32
К
Көкшетау +34
Қ
Қостанай +39
Қызылорда +28
П
Павлодар +30
Петропавл +33
С
Семей +35
Т
Талдықорған +35
Тараз +40
Түркістан +33
О
Орал +31
Ө
Өскемен +39
Ш
Шымкент +33

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер