16 қараша 2019 11:07

Тоғыз айда Қазақстаннан 34 мыңнан аса адам көшіп кеткен

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

2019 жылдың үш тоқсанында (қаңтардан қыркүйек айына дейін) Қазақстаннан 34,2 мың адам көшіп кетті, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,3 пайызға артық, - деп хабарлайды Ranking.kz


2019 жылдың үш тоқсанында (қаңтардан қыркүйек айына дейін) Қазақстаннан 34,2 мың адам көшіп кетті, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,3 пайызға артық, - деп хабарлайды Ranking.kz

Сонымен қатар, Қазақстанға осы уақытта тек сегіз мың адам келген, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 14,4 пайызға аз. 

Елден негізінен қала тұрғындары шыққан: 28,8 мың адам немесе көшкендердің жалпы санының 84,1 пайызы. Ал ауылдан 5,4 мың адам көшіп кеткен. 

Сыртқы көші-қонның ең елеулі теріс сальдосы 16 жастан зейнеткерлік жасқа дейінгі қазақстандықтар арасында байқалады - 17,4 мың адам (23,6 мың кетті, 6,2 мың келді). 15 жасқа дейінгі балалар көші-қонының теріс сальдосы 8 мың адам болды (9,1 мың кетті, 1,1 мың адам келді).

2019 жылдың тоғыз айында 30,4 мың адам Ресейге көшкен. Ал ол жерден келгендер саны - 2,2 мың адам.

Қазақстандықтар таңдаған екінші ел - Германия: онда 2,1 мың адам кетті. Үшінші орында - Беларусь (297 адам). Сондай-ақ, бестікке Өзбекстан мен АҚШ кірді, онда тиісінше 220 және 190 адам көшкен.

Қазақстандықтар сонымен қатар, Қырғызстанға, Израиль, Қытай, Түркия және Канадаға жиі барады. Ал Қазақстанға Өзбекстан (2,9 мың адам), Ресей (2,2 мың адам) және Қытай (686 адам) тұрғындары келеді.

Өңірлер бойынша шетелге ең көп кететін облыс тұрғындары - Шығыс Қазақстан (5,4 мың адам), Қарағанды (4,8 мың адам) және Қостанай (4,3 мың адам). Сондай-ақ, бестікке Павлодар (4,2 мың адам) және Солтүстік Қазақстан (3,3 мың адам) облыстары кірді.

Көші-қонның оң сальдосы еліміздің үш өңірінде ғана байқалады, олардың ішінде Шымкент (293 адам кетті, 622 адам келді), Алматы облысы (1155 адам кетті, 1456 адам келді) және Түркістан облысы (196 адам кетті, 261 адам келді) бар.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети