21 қараша 2019 10:40

Банктен 87 миллион теңге ұрлап, шетелге қашып кеткен қазақстандық Ресейде ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

87 миллион теңгемен шетелге қашып кеткен банк қызметкері Ресейде ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


87 миллион теңгемен шетелге қашып кеткен банк қызметкері Ресейде ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам Челябіде ұсталды. Онда ол қазақстандық такси жүргізушісімен жетіп алған. 

"Күдікті жалдамалы пәтерде жасырынған. 20 қарашада пәтерде тінту жұмыстарын жүргіу барысында ұрланған ақшаның бір бөлігі табылды - 136 мың еуро (58 миллион теңге). Қазіргі уақытта қазақстандық Челябі қаласының уақытша тергеу изоляторында", - делінген полицейлердің хабарламасында.

Полициядағылардың мәліметінше, ұсталған қазақстандық ақшаның бір бөлігін сегіз несиесін төлеуге жұмсаған.  Бұл істі облыстық полиция департаментінің басшысы, генерал-майор Бекет Аймағамбетов бақылауға алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети