Тоқаевқа Жер қойнауын пайдалану Кодексіне өзгертулер енгізу жөніндегі ұсыныс таныстырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаевқа Жер қойнауын пайдалану Кодексіне өзгертулер енгізу жөніндегі ұсыныс таныстырылды

Қазақстан Президенті Ұлттық ғылым академиясының академигі Серікбек Дәукейді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Ұлттық ғылым академиясының академигі Серікбек Дәукейді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында геология саласын дамытудың, салалық министрлік құрылғаннан кейінгі қолға алынған реформалардың орындалу барысының, сонымен қатар, жер қойнауын зерттеу бағытында қабылданған мемлекеттік және заңнамалық қолдау шараларының өзекті мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жер қойнауын пайдалану Кодексіне өзгертулер енгізу жөнінде ұсыныс берілді. Аталған ұсыныс геологиялық зерттеу жүргізу және жер қойнауын тиімді пайдалану ісінде мемлекеттің рөлін күшейтеді.

Президент аталған саланы одан әрі дамытудың, жаңа кен орындарын ашу үшін заманауи, ғылыми әдістерді пайдаланудың және минералды-шикізат базасының қорын арттырудың ерекше маңыздылығын атап айтты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 510.08  course up  594.46  course up  6.42  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети