03 желтоқсан 2019 09:55

Еліміздегі ең қымбат жалдамалы бір бөлмелі пәтерлер анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© krisha.kz © krisha.kz

Krisha.kz басылымы жалға берілетін ең қымбат бір бөлмелі пәтерлердің рейтингін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Krisha.kz басылымы жалға берілетін ең қымбат бір бөлмелі пәтерлердің рейтингін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы, 500 мың теңге
Алматыдағы зәулім тұрғын үй кешендерінің бірі - Orion-да бір бөлме 500 мың теңгеге жалға беріледі. Бірақ хабарламада пәтердің сипаттамасы толық жазылмаған - тек онда толық жиһаз бен лоджия бары жазылған.

Алматы, 330 мың теңге

Ай сайын 330 мың теңге сұрайтын пәтер Dostyk Plaza сауда орталығының маңындағы Latifa Residence тұрғын үй кешенінде орналасқан. Суреттерден пәтердің едені толықтай ламинаттан жасалғанын байқауға болады.

Алматы, 320 мың теңге

Интерьері заманауи және жөндеуден өткен бұл пәтер Айманов пен Сәтбаев қиылысындағы "Арай" тұрғын үй кешенінде орналасқан. Хабарлама авторының айтуынша, пәтерді тек қаңтардан бастап жалға алуға болады.

Қарағанды, 250 мың теңге

Жалға берілетін ең қымбат бір бөлмелі пәтерлердің тізімінде Қарағанды бар. Хабарламаның сипаттамасында Luxe санаттағы пәтердің 1975 жылы салынған үйде орналасқаны жазылған.

Рейтинг жариялағандардың айтуынша, Алматыда 250 мың теңгеге жалға берілетін бір бөлмелі пәтерлер өте көп. Олардың басым бөлігі Бостандық және Медеу аудандарында.

Алматы мен Нұр-Сұлтан, 230 мың теңге

Мысалы, Алматыдағы "Легенда" тұрғын үй кешеніндегі мына пәтер 230 мың теңгеге жалға беріледі екен.

Елордадағы Highvill тұрғын үй кешеніндегі мына пәтердің де жалдамалы бағасы сондай, пәтердің аумағы - 60 шаршы метр, 24 қабатты үйдің 12-қабатында орналасқан.

Ақтөбе, 220 мың теңге

Бұл тізімде Алматы мен Нұр-Сұлтаннан басқа Ақтөбе бар. Ондағы қымбат жалдамалы пәтер Батыс-2 ықшамауданында орналасқан.

Алматы, 210 мың теңге

Mega Tower Almaty тұрғын үй кешеніндегі 5-блокта орналасқан бір бөлмелі пәтерді 210 мың теңгеге жалдауға болады. Хабарлама авторының айтуынша, жалға алу кезінде бір айлық төлем мөлшерінде депозит төлеу керек болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети