03 желтоқсан 2019 16:19

Tinder-де бұрынғы қылмыскерлер тіркелген болып шықты

© pixabay.com © pixabay.com

Tinder, Plenty of Fish және OkCupid онлайн-танысу бағдарламаларында бұрын сексуалдық зорлық жасаған қылмыскерлер тіркелген болып шықты, - деп хабарлайды Lenta.ru


Tinder, Plenty of Fish және OkCupid онлайн-танысу бағдарламаларында бұрын сексуалдық зорлық жасаған қылмыскерлер тіркелген болып шықты, - деп хабарлайды Lenta.ru

Тергеу жұмыстарын BuzzFeed News басылымы Columbia Journalism Investigations және ProPublica коммерциялық емес журналистік жобаларымен бірлесіп жүргізген. Нәтижесінде танысу бағдарламасына қатысты 150 сексуалдық қылмыс ашылған. Әр оныншы бағдарламада сервис зорлық-зомбылыққа қатысы бар адаммен танысуды ұсынған. 

53 жастағы АҚШ тұрғыны Сюзан Дэво (Susan Deveau) 2016 жылы Plenty of Fish бағдарламасына тіркеліп Папамечейл (Papamechail) есімді ер адаммен танысқан. Олар кездесіп, бірге уақыт өткізген. Бірнеше айдан кейін ол сүйіктісінің үстінен арыз жазған. Себебі ер адам сүйіктісін зорлаған екен. Осы жайттан кейін Сюзан Дэво сүйіктісінің бұған дейін адам зорлағаны үшін үш рет сотталғанын білген. 

Зерттеу авторларының мәліметінше, Tinder, OkCupid және Plenty of Fish бағдарламалары тегін болғандықтан Match Group компаниясы оларға қатысты ешқандай тексеріс жүргізе алмаған. Match Group компаниясының өкілінің айтуынша, аталған бағдарламаларды тексеруге еш негіз болмаған. Ол тегін бағдарламаларда бұрын адам зорлағаны үшін сотталған қылмыскерлер болуы мүмкін екенін жасырмады. 

Қыркүйекте Ұлыбритания тұрғыны Айван Нкази Tinder бағдарламасы арқылы бопсалау және зорлық әрекеттерін жасағаны үшін үш жылға сотталған. 31 жастағы ұлыбританиялық әйел адамдардан оның жолақысын, тамағын төлеп беруді және басқа да шығындарын өтеп беруді сұрап, кейде бопсалап отырған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети