Қытай басшысы Назарбаев пен Тоқаевқа сәлем жолдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытай басшысы Назарбаев пен Тоқаевқа сәлем жолдады © mfa.gov.kz

Бейжіңде Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшісі Ғабит Қойшыбаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге сенім грамоталарын тапсырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Салтанатты рәсім аяқталғаннан кейін өткен қысқаша кездесу барысында, ҚХР Төрағасы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа және Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылы сәлем мен ізгі тілектерін жеткізді. Қытай басшысы сондай-ақ екі ел арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдету мақсатында Қазақстанмен тығыз саяси диалогты қолдауға дайын екенін мәлімдеді.

Өз кезегінде, Ғ. Қойшыбаев қазақстандық тараптың Қытаймен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға және тереңдетуге дайындығын растай отырып, жаңа лауазымда екіжақты стратегиялық әріптестікті жаңа сапалы деңгейге көтеру үшін барлық күш-жігерін салатынына сендірді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 510.08  course up  594.46  course up  6.42  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети