Елордада мұз қалашықтары мен айдындары қайда салынады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордада мұз қалашықтары мен айдындары қайда салынады? Tengrinews.kz мұрағатынан

Елорданың барлық 4 ауданында жұртшылыққа арналған мұз қалашықтары мен мұз айдындары салынатын болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елорданың барлық 4 ауданында жұртшылыққа арналған мұз қалашықтары мен мұз айдындары салынатын болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Осылайша, Байқоңыр ауданында мұз қалашықтары мен балақайларға арналған сырғанақтар "Жастар сарайы" маңында, "Ататүрік" саябағында, Өндіріс тұрғын алабына, сондай-ақ Жолымбет пен А. Чехjв көшелерінің қиылысына орналасады.

Есіл ауданының тұрғындарына EXPO, Ботаникалық саябақ, "Хан Шатыр", "Керуен" сауда ойын сауық орталықтары аумағына, "Жетісу" саябағында, "Жағалау" шағын ауданында, Жасыл орамда, сондай-ақ, Үркер мен Пригородный тұрғын алабында салынбақ.

Ал Сарыарқа ауданы үшін Есіл өзені аумағында, "Астана" спорт кешенінің жанына, Қосшығұлұлы, 17 мекенжайына, "Тамыз" тұрғын үй кешенінің жанына, "Наз" театрының маңайына, Оқжетпес пен Герцен көшелерінің қиылысына, Гете 10 және 187-көшелерге салынады.

Алматы ауданында жұртшылыққа арналған сырғанақтар мен мұз айдындар "Қазақ елі" монументінің алаңына, "Жерұйық" саябағына, Ақбұлақ өзенінің айналасына, "Жастар" саябағына, Оқушылар сарайының алдына, Президент саябағына, "Ренессанс" мейрамханасының жанына, Триатлон-паркінде, Жүргенов көшесіндегі Сарайшық шағын ауданында, сонымен қатар Теміржолшылар, Интернациональный, Мичурино тұрғын үй алаптарында орнатылады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 510.08  course up  594.46  course up  6.42  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети