09 желтоқсан 2019 18:22

Елбасы Бибігүл Төлегенованы 90 жасқа толған мерейтойымен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© elbasy.kz © elbasy.kz

Елбасы КСРО халық әртісі, опера әншісі Бибігүл Төлегеновамен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.


Елбасы КСРО халық әртісі, опера әншісі Бибігүл Төлегеновамен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Бибігүл Төлегенованы 90 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті опера әншісінің шығармашылығымен алғаш танысқан кездегі естеліктерін бөлісті.

"Сіз халқымыздың шынайы махаббатына ие болдыңыз. Сізге ұзақ өмір, сарқылмас қуат және көрермендердің шексіз қошеметіне бөлене беруіңізді тілеймін. Бірер күн бұрын керемет концертіңіз өтті. Әдеттегідей көрермендердің жоғары бағасына ие болды", - деді Елбасы.


© elbasy.kz

Өз кезегінде Бибігүл Төлегенова Тұңғыш Президент қорының қолдауымен өткен вокалистердің X байқауының нәтижелері туралы айтты.

"Қамқорлық танытып жүргеніңізге ризамын. Отандық мәдениет пен өнер саласын дамытуға қолдау көрсетіп жатқаныңыз үшін алғыс білдіремін", - деді КСРО халық әртісі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети