10 желтоқсан 2019 10:43

Павлодарда әлеуметтік даму қорының бас директоры сыбайлас жемқорлық үшін жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Павлодар" ӘКК" ҰҚ" АҚ ұжымдық әлеуметтік даму қорының бас директоры Бақытриза Дүйсембаевқа сот үкімі шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


"Павлодар" ӘКК" ҰҚ" АҚ ұжымдық әлеуметтік даму қорының бас директоры Бақытриза Дүйсембаевқа сот үкімі шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Шенеунікке ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 2-бөлігі ("Айтарлықтай мөлшерде жасалған дәл сол іс-әрекет, сол сияқты заңсыз әрекеттері (әрекетсiздiгi) үшiн пара алу") бойынша айып тағылған еді. 

Сотталушы сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша кінәлі деп танылды. Оған параның 30 есе мөлшері, яғни 15 миллион теңге айыппұл салынды. 

Сондай-ақ, ол белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды. Шенеунік бір айдың ішінде айыппұлды өтеуі керек. 

Сот барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушыны үш жыл бас бостандығынан айыруды сұраған. Алайда сот сотталушының жүрегіне ауыр ота жасалғанын және кардиоорталықтың тіркеуінде тұрғанын ескерді. 

Сотта Дүйсембаев өзіне тағылған айыптарды мойындады. 

Іс материалдары бойынша, Түркістан облысында құрылысы аяқталмаған ХҚКО ғимаратын бағалау мәселесіне қатысты болған. Дүйсембаев миллион теңге пара ретінде талап еткен. Оның жартысын алу кезінде ұсталған. Сондай-ақ, шенеуніктен 7,3 миллион теңге табылды. Тергеу барысында бұл қаражаттың оның отбасының жиған ақшасы екені анықталған. 

2013 жылдары Дүйсембаев жоғарғы бағамен бес "Газель" алғаны үшін қызметтік бабын асыра пайдаланды деген айып тағылған болатын. Екі миллион теңге залал келген. Алайда кейін іс қысқарып кеткен. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети