Қазақстанның зайырлы мемлекет екенін есте сақтау қажет - Президент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның зайырлы мемлекет екенін есте сақтау қажет - Президент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жастарға Қазақстанның зайырлы мемлекет екенін және мұнда наным-сенімнің көзбояушылық болмауы керектігін еске салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жастарға Қазақстанның зайырлы мемлекет екенін және мұнда наным-сенімнің көзбояушылық болмауы керектігін еске салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өкінішке қарай, елімізде NEET (Not in Education, Employment or Training) жастары көбейіп жатыр - не оқымайтын, не жұмыс істемейтін. Ештеңені қаламайтын жастар. Әлеуметтанушылардың мәліметінше, жастардың 20 пайызынан көбі мектеп бітірген соң үйде отыруға мәжбүр", - дейді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, жастардың көбі қоғамдық жұмыстарға араласпайды және жастарды қолдауға арналған бағдарламалар жайлы білмейді.

Тоқаев студенттердің шәкіртақысын өсіруді тапсырды

"Өңірлерде жастардың ресурст орталықтары жайлы көбі біле бермейді, ол орталықтарға жастардың бес пайызы ғана келген. (...) Біздің елде ар-ұждан бостандығы бар, бірақ Қазақстанның зайырлы мемлекет екенін есте сақтау қажет. Алла Тағалаға деген наным-сенім рухани жетілуге ғана әсерін тигізуі керек, әсіресе ол көзбояушылық болмауы керек. Қоғам тарапынан бастамалар мен жобалар қажет", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 510.08  course up  594.46  course up  6.42  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети