Энтони Джошуа, Деонтей Уайлдер, Тайсон Фьюри. Супер ауыр салмақта кім мықты?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Энтони Джошуа, Деонтей Уайлдер, Тайсон Фьюри. Супер ауыр салмақта кім мықты?

Супер ауыр салмақта WBA, WBO, IBF және IBO чемпионы Энтони Джошуа (23-1-21 KO) осы дивизиондағы ең мықты боксшылармен жұдырықтасуға ниетті, - деп хабарлайды Вoxingnews.com.ua.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Супер ауыр салмақта WBA, WBO, IBF және IBO чемпионы Энтони Джошуа (23-1-21 KO) осы дивизиондағы ең мықты боксшылармен жұдырықтасуға ниетті, - деп хабарлайды Вoxingnews.com.ua.

Ұлыбританиялық боксшы осы салмақта WBC титулының иегері Деонтей Уайлдер (42-0-1, 41 KO) мен әлемнің  чемпионы болған Тайсон Фьюриді (29-0-1, 20 KO) жеңетініне сенімді.

"Жүгіруден чемпион емеспін ғой, мен ең мықтылармен жұдырықтасқым келеді. Бұл жігіттер - Деонтей Уайлдер мен Тайсон Фьюри. Оларды жеңуге мүмкіндік берсе деймін. Бұған сенімдімін. Оларды жеңудің жолын білемін, өйткені боксқа келгенде мен түрлі дағды көрсете аламын", - дейді Джошуа.

Еске салайық, 8 желтоқсанда түнгі уақытта Сауд Арабиясында өткен жекпе-жекте Джошуа қарымта жекпе-жекте Руисті төрешілер шешімімен жеңіп, ең ауыр салмақта WBO, IBF, WBA және IBO белбеуін қайтарды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 510.08  course up  594.46  course up  6.42  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети