Роналду Мессиден озып, жылдың үздік ойыншысы атанды

Роналду Мессиден озып, жылдың үздік ойыншысы атанды Фото: twitter.com/Globe_Soccer

Дубайда Еуропалық клубтар қауымдастығы (ECA) мен Еуропалық футбол агенттерінің қауымдастығы (EFAA) ұйымдастырған Globe Soccer Awards марапаттау рәсімі өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.


2019 жылдың үздік ойыншысы "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду атанды. Футболшы 34 жастағы Лионель Мессиді ("Барселона"), Вирджил ван Дейк пен Мохамед Салахтан (екеуі де - "Ливерпуль") озып кеткен.

Роналду Globe Soccer Awards жүлдесін осымен төртінші рет алып отыр. Ал жалпы футбол мансабында алтыншы рет жылдың үздік ойыншысы атануы. 

2019 жылдың үздік клубы - "Ливерпуль". Клуб амстердамдық "Аякс" пен франциялық "Лионның"әйелдер командасынан озған. 

Үздік бапкер марапатын Юрген Клопп ("Ливерпуль") иеленді. Оның басты қарсыластары - Эрик тен Хаг ("Аякс") пен Фернанду Сантуш (Португалия құрамасы) болды. 

Мерсисайдтықтар сапынан бразилиялық Алисон Бекер жылдың үздік қақпашысы атанды. 

2019 жылы "Ливерпуль" Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанып, УЕФА Суперкубогын иеленді, сондай-ақ клубтар арасындағы әлем чемпионатында топ жарды. 

Мадридтік "Атлетиконың" жартылай қорғаушысы Жоау Фелиш "Жыл жаңалығы" болды. Ол хавбек Анссумане Фати ("Барселона"), шабуылшы Эрлинг Холанд мен вингер Джейдон Санчодан (екеуі де - "Боруссия" Дортмунд) озған.

Әйелдер арасында "2019 жылдың үздік футболшысы" номинациясында англиялық Люси Бронз жеңіске жетті. Бұл жүлдеге Меган Рапино мен Алекс Морган (екеуі де - США) мен француз Амандин Анри.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +24
Астана +20
Ақтау +31
Ақтөбе +28
Атырау +30
Б
Балқаш +29
Ж
Жезқазған +19
Қ
Қарағанды +25
К
Көкшетау +25
Қ
Қостанай +32
Қызылорда +18
П
Павлодар +26
Петропавл +20
С
Семей +24
Т
Талдықорған +29
Тараз +31
Түркістан +25
О
Орал +17
Ө
Өскемен +27
Ш
Шымкент +27

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер