23 жастағы мексикалық боксшы орта салмақтағы дебютінен кейін Головкинді жекпе-жекке шақырды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

23 жастағы мексикалық боксшы орта салмақтағы дебютінен кейін Головкинді жекпе-жекке шақырды Хайме Мунгия. Сурет: boxingscene.com

23 жастағы мексикалық спортшы Хайме Мунгия (35-0, 28 КО) 35 жастағы ирландиялық Гэри "Спайк" О'Салливанды (30-4, 21 KO) орта салмақтағы алғашқы жекпе-жегінде жеңгеннен кейін дивизион чемпиондарымен кездесуге дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Атап айтқанда, ол IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкинді, WBA Super және WBC (Franchise) титулдары бар мексикалық Сауль "Канело" Альваресті (53-1-2, 36 КО), сондай-ақ WBC нұсқасы бойынша америкалық чемпион Джермалл Чарлоны жекпе-жекке шақырды.

"Мен дивизиондағы үздіктер, "Канело", Головкин, Чарломен жұдырықтасқым келеді", - деді Мунгия жеңісінен кейін.

Айта кетелік, ол О'Салливанды 11-ші раундта техникалық нокаутпен жеңді. 

Алайда Мунгия бірінші орта салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағынан бас тартты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 509.71  course up  594.03  course up  6.49  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети