15 қаңтар 2020 10:00

Ақтөбеде лаңкестікке үгіттеген үш жігіт сот алдына келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

КТК арнасының кадрынан үзінді КТК арнасының кадрынан үзінді

Ақтөбелік жұмыссыз үш жігіт моншада отырып лаңкестікке үгіттеген, - деп хабарлайды КТК арнасы. 


Ақтөбелік жұмыссыз үш жігіт моншада отырып лаңкестікке үгіттеген, - деп хабарлайды КТК арнасы. 

Моншаға жуынуға келген жұртты лаңкестікке үгіттеген. Жат ағымның жетегінде кеткен ақтөбелік үш жігіт осы әрекеті үшін енді сот алдында жауап беріп жатыр.

Айыпталушы орындығында отырғандардың үлкені - Бағдат Бисенбаев. Жасы 47-де. Жанына ерткен 27 жастағы серігі Әділжан Дәулетов екеуі сот басталған бойда-ақ кінәларын мойындаған. Ал үшінші сотталушы Ерсайын Құлымтай адвокатымен ұзақ кеңесуден соң ғана прокурорларға процессуалдық келісімге келуге өтініш білдірді. Бірақ құқық қорғаушылардың оны құптап- құптамасы белгісіз.

Үшеуі насихат айтуға қолайлы жер ретінде моншаны таңдаған. Буға түсіп, жуынуға келгендерді радикалды ойларымен елітпек болыпты. Тіпті лаңкестікке шақырған. Бұлардың қауіпті ойын сонда барғандардың бірі таспаға түсіріп, құзырлы органдарға хабарлаған.

Сотталушының үшеуі де жұмыссыз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети