15 қаңтар 2020 13:47

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 2020 жылдың 16-18 қаңтар аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Синоптиктер 2020 жылдың 16-18 қаңтар аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"Алдағы үш тәулікте Қазақстанның ауа райында күрт өзгерістер күтілмейді. Циклондар және олармен байланысты атмосфералық фронттар Атланттан ығысып, республикаға жылы және ылғал ауа массаларын алып келеді. Сондықтан көптеген облыстарда кей уақыттарда қар, солтүстікте бұрқасын және қатты екпін жел, оңтүстік облыстарда тұман және көктайғақ күтіледі", - делінген хабарламада.

Ауа температурасы республиканың солтүстік жартысында нормадан 3-8 градусқа жоғары, ал оңтүстікте нормаға жуық сақталады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети