31 жылдан соң жеткен марапат: ІІМ-де ерлікпен қаза тапқан полицейдің есімі ұлықталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Polisia.kz Polisia.kz

Ішкі істер министрлігінде Отан қорғаушы және Ұлы Жеңіс күндері атап өтілді. Ел амандығы үшін күні-түні қызмет етіп жүрген сақшылар мен айбынды ардагерлерге құрмет көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz–ке сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ішкі істер министрлігінде Отан қорғаушы және Ұлы Жеңіс күндері атап өтілді. Ел амандығы үшін күні-түні қызмет етіп жүрген сақшылар мен айбынды ардагерлерге құрмет көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz–ке сілтеме жасап.

"Отан қорғаушылар мен Жеңіс күні – рухы жағынан бір-бірін толықтыратын, ұрпаққа сабақ болатын қос тарихи күндер. Кешегі жау оғынан қорғаған майдангерлер, тыл еңбеккерлері және бейбіт заман батырларының ерліктерін ұмытпау – біздің қастерлі борышымыз!" – деді ішкі істер министрі Ержан Саденов.

Айтулы күні Ұлы Отан соғысының ардагері Құрмат Рахимов "Құрмет" орденімен марапатталды. Сұрапыл соғыста табандылығымен елді жаудан қорғаған ақсақал бүгінде 100 жасқа толып отыр. Тәуелсіздік жылдары қызмет бабында ішкі істер органдарының 800-ден астам қызметкері көз жұмған. Солардың бірі – Солтүстік Қазақстан облысының Ленин ауданы Ішкі істер басқармасының аға инспекторы Анатолий Добрынин. Ол 1993 жылы полиция ғимаратына жасалған қарулы шабуылға тойтарыс беру кезінде қаза тапты. Қасындағы әріптесі Серік Оразалинмен бірге қаскөйлерге қарсы тұрып, табельдік қаруды басып алуға жол бермеді.

"Екі офицердің әрекеті жоғары бағаланып, мемлекеттік наградалар өз батырларын 31 жылдан кейін тапты. Біз бұл жұмысты жалғастырамыз. Архивтерді зерделейміз. Ерліктері бағаланбай, көлеңкеде қалып қойған батырлардың есімдерін ұлықтайтын боламыз!" – деді Ержан Саденов.

Марқұм Анатолийдің марапатын – "Ерлігі үшін" медалін бауыры Юрий Добрынин алды. Мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласты. Елім дейтін ерлердің құрметіне әуезді әндер шырқалып, күмбірлеген күй де төгілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro