Балтиев "Қайсар" футбол клубының спорт директоры болуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Балтиев "Қайсар" футбол клубының спорт директоры болуы мүмкін Руслан Балтиев. Сурет artparovoz.com сайтынан

Қазақстан ұлттық құрамасының экс-капитаны Руслан Балтиев Қызылордалық "Қайсар" футбол клубының спорт директоры қызметіне тағайындалуға жақын, деп хабарлайды отандық Vesti.kz сайтына сүйенген Tengrinews.kz. Айта кетейік, бүгінде Руслан Балтиев Қазақстан Бірінші лигасында өнер көрсететін "Оқжетпес" футбол клубының спорт директоры қызметін атқарады. Ал футболшылық ғұмырын "Қайрат", "Аксесс-Голден Грейн", "Сокол", "Динамо", "Москва", "Шинник", "Тобыл", "Жемчужина-Сочи" сынды командаларда өткізген. Қазақстан ұлттық құрамасының сапында 73 ойын өткізіп, 13 голдың авторы атанған. "Оқжетпес" футбол клубына спорт директоры болып 2013 жылы тағайындалған. Жалпы, биыл "Қайсар" футбол клубының құрылымында үлкен өзгерістер орын алды. Клуб Премьер-лигаға қайта оралып, бас бапкерлік қызметке белгілі маман Дмитрий Огай шақыртылды. Оның көмекшісі қызметін "Жетісу" және "Сұңқар" футбол клубтарының экс-бас жаттықтырушысы Асқар Қожабергенов атқарады. Бүгінде командасын қарымды футболшылармен күшейтіп отырған "Қайсар" футбол клубы алдарына үлкен міндеттер жүктеп отыр. Бұл жайлы клуб басшылығы бапкерлер алқасына бірер күнде жіті тапсыратын болады деп күтілуде.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети