Қазақтың тазы иті өзге елдің игілігіне айналуы мүмкін

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сурет ©voxpopuli.kz/Гульнара Бажкенованікі Сурет ©voxpopuli.kz/Гульнара Бажкенованікі

Аты аңызға айналған қазақтың тазы нәсілді иті өзге елдің игілігіне айналуы мүмкін деп мәлімдейді Tengrinews.kz "31 канал" телеарнасына сілтеме жасап. Отандық ит өсірушілер әлі күнге дейін қазақтың аты аңызға айналған тазы итіне халықаралық кинологтар ассоциациясынан патент алмаған. Сол себепті қазақтың тазы иті халықаралық жарыстарға да қатыса алмайды. "Бізде 300 ғана ит тіркеуден өткен. Олардың саны мың болуы қажет. Сонда ғана бізді әлем мойындайды. Мұнымен жүйелі түрде айналысу керек. Ит деген жетеді. Бірақ олардың көбі тіркелмеген. Тіркеуде болмаған соң оларды ешкім танып білмейді", - дейді итқосшы Рамазан Гусеев. Гусеевтің сөзіне қарағанда, ол Қарағанды бойынша тазы нәсілінің жалғыз ресми итқосшысы. Аймақтарда тазы жүздеп саналады, бірақ олардың иелері итке құжат рәсімдемейді, республикалық көрмелерге қатыспайды. "Көрмеге тазы жетектеп келетіндер бар. Бірақ олар тіркеуден өтпейді. Сырттай бақылап тұрады. Тазысымен мақтанады. Өздерінше, менің итім ең жақсы деп ойлайды. Оған ешкімнің таласы жоқ, бірақ оны сөзбен емес, іс жүзінде дәлелдеу керек", - дейді "Лидер-Ит" кинологтар клубының жеткшісі Елена Полякова. Отандық кинологтар халықаралық кинологтар ассоциациясына тазыны тану туралы өтініш берген. Тазы итінің стандарттары жасалған, дегенмен рәсімдеу жылға созылуы ықтимал. Егер отандық кинологтар асықпаса, онда тазыны өзгелер тіркетуі мүмкін. Мысалы, Санкт-Петерборда тазы өсірумен белсенді түрде айналысып жатқан көрінеді.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517  course down  587.02  course down  6.32  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro