Қытайдан келген қазақтар аты-жөнін қалпына келтіре алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайдан келген қазақтар аты-жөнін қалпына келтіре алады ©Bf.kz

Қазақстан азаматтығын алған оралмандар туу туралы куәліктерін, өз аты-жөндерін қалпына келтіре алады деп хабарлайды Tengrinews.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. "Тарихи отанына қайта оралған Қытай Халық Республикасының бұрынғы азаматтарының аты-жөндері құжаттарда қысқаша жазылған. Себебі ҚХР ұлттық заңнамасына сәйкес есімдер үш иероглифтен ғана тұруы тиіс", - дейді хабарламада. Бұл мәселе өткен жылдан бері шешімін тауып отыр. Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін оралман өзінің тұрғылықты жеріндегі азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне жүгінеді. Барлық қажетті құжаттарды АХАТ органына тапсырғаннан кейін акті жазбаларын Қазақстанда қайта қалпына келтіреді, онда оралманның аты, әкесінің аты, тегі жазылады. Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 184-бабының, 3-тармағына сәйкес, 2013 жылы Есіл аудандық Әділет басқармасының АХАТ бөлімімен 17 оралманның туу туралы куәлігі қайта қалпына келтірілді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети