Алғалық оқушы қарандаштан Эйфель мұнарасын жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алғалық оқушы қарандаштан Эйфель мұнарасын жасады Жандос Өмірғалиев Фото rikatv.kz

Ақтөбе облысына қарасты аудан орталығы Алға ауылында тұратын мектеп оқушы Жандос Өмірғалиев қарандаштың өзекшесінен (бояу түсіретін бөлігі) Эйфель мұнарасын жасап шығарды, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Эврика" газетіне сілтеме жасап. Жандос өнердің бұл түрімен 8-ші сынаптан бері айналысып келеді. Оған қарандаштың өзекшесінен кез келген нәрсенің кескін келбеті мен мүсінін жасау туралы идея америкалық Далтон Гетти есімді ағаш шебері туралы телебағдарламаны көргеннен кейін туған. Оның қызығушылығы мектепте де қолдау тауып отыр. Біле білген адамға көлемі 3 миллиметрден аспайтын өзекшеден кескін жасау оңай жұмыс емес екені белгілі. Адам қызығатындай кескіндеме жасап шығару үшін ұзақ уақытты айтпағанда, адамның табандылығын қажет ететін қасиет те керек болады. Себебі, негізгі жұмыстар микроскоппен істелінеді. "Жұмысты аспай-саспай істеуге тура келеді. Ал қателікке бой алдырсаңыз істеген жұмысыңыз далаға кетеді. Жұмысты күндізгі уақытта атқарамыз. Себебі, бөлмедегі жарықтан көз тез талады", дейді Жандос. "Мен осы кескінмеге осынша уақытымды арнадым десем, көп адам сене бермейді, - деп сөзін жалғастырды оқушы. - Қазіргідей елдің барлығы асыққан заманда менің табындылығым көпшілікті таңқалдыратын секілді". Бүгінде жас мүсінші коллекциясында домбыра, қобыз, срипка мен Эйфель мұнарасы секілді бірнеше ондаған туынды бар. Туған қаласының құрылғанына 50 жыл толуына орай өз қолымен жасаған арнайы сыйлықты да әзірлеп отыр. Биыл Жандос мектеп бітіреді. Оның бар арманы медициналық университетке түсіп, кардиолог маманы атану.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети