45 көлік жаппай жол апатына ұшырады: зардап шеккендер жоқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

45 көлік жаппай жол апатына ұшырады: зардап шеккендер жоқ facebook.com/ISPPutnamville

Индиана штатындағы тасжолда болған 45-ке жуық көлік жаппай жол апатынан ұшырады. Оған бұл өңірді басып қалған қарлы боран себеп болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Индиана штатындағы тасжолда болған 45-ке жуық көлік жаппай жол апатынан ұшырады. Оған бұл өңірді басып қалған қарлы боран себеп болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

NBC Chicago телеарнасының хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы Терр-Хоут қаласының маңындағы I-70 тас жолында болған.

Полицей Мэтт Эймс оқиға орнынан түсірілген видеоны Facebook-тағы парақшасында жариялады.

Видео кадрларында оның арт жағында жол бойына бытыраған көліктер, соның ішінде жол жиегіне түсіп кеткен бірнеше көлік көрінеді.

Жүргізушілер мен жолаушылардың арасында ауыр жарақат алғандар туралы ақпарат түскен жоқ.

Алғашында полиция 20–30 көлік деп хабарлаған, алайда кейіннен нақтылап, шамамен 45 автокөлік соқтығысқанын мәлімдеді.

Полиция өкілі тұрғындарды мүмкіндігінше үйлерінен шықпауға шақырды. Егер жолға шығу қажет болса, барынша сақ болып, жылдамдықты төмендетіп, қауіпсіздік белдігін міндетті түрде тағып жүру қажетін ескертті.

Апаттан кейін тасжолдың батыс бағыттағы жолақтары жабылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 514.12  course up  603.32  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети